“Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы №16 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылданады.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын оқушының ата-аналарынан немесе өзге заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Құжаттар e-gov веб-порталы арқылы қабылданады.

Құжаттар тізбесі:

  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
  • баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00 – 18.00 (сағат 13.00-14.00 түскі үзіліс)

Байланыс телефондар:

  • 8 (7132) 44-22-67 – қабылдау бөлімі
  • 8 771 187 11 00 – мектеп директоры, Сейтмағанбетова Жанар Есенғосқызы
  • 8 700 965 66 91 – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Бисенбина Жангүл Алматқызы

Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін электронды үкімет порталында өтініш беру.  Ата-аналар үшін нұсқаулық:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1