«Сырғалым» қыздар клубы 2022-2023 оқу жылында құрылды. Клубқа 5-11 сыныптың қыз балалары түгел қамтылды.

Мақсаты: 

  • Мектеп жасындағы қыз балалардың ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі болашағы жарқын тұлғаны тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

  • Жалпы білім беру мектептеріндегі қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, білім және тәрбие беру, құқығын қорғау органдарымен серіктестікті нығайту;
  • Кәмелетке толмаған қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суидцидтік жағдайлардың алдын алу, репродуктивті құқығы және репродуктивті денсаулығын қорғау, сапалы медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру;
  • Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және көшбасшы тұлға болып жетілуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1