Мектептегі Lesson Study үдерісі

Әр мектеп қажеттіліктерін, жетілдіру керек тұстарын орындаған жұмыс барысын талдау арқылы анықтайды. Талдау нәтижесі басымдылықтарды нақтылауға көмектеседі. Білім сапасын жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда зерттеу тәсілінің орыны маңызды. Кезекті аудит мектептегі өзекті мәселелерді анықтап, оқушылар мен мұғалімдер жұмысын толықтыруға, жетілдіруге команда жасақтайды. Зерттеу командаларының жұмыстарын мектептің даму жоспарымен байланыстырып құрылымдадық. Топ құрылғанға дейінгі, топ жұмысы жүргізілгеннен кейінгі қорытынды нәтиже бірқатар жұмыстың сапалы орындалуын көрсетті.

 

Зерттеу топтарының ортақ мақсаты: мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтап, оқыту мен оқуды сындарлы жоспарлау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру көрсеткіші нәтижесінде кәсіби құзреттіліктерін дамыту, инновация енгізу керектігін ұғындыру, мектептің дамуына үлес қосу.

 

2021-2022 оқу жылы бойынша – 18 топ, 2022-2023 оқу жылы – 25 топ, 2023-2024 оқу жылы – 32 топ мектепте құрылып, бұйрық бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Зерттеу бойынша 2021-2024 жыл аралығының Lesson Study үдерісіндегі мұғалімдердің үлесі

 

Зерттеу бойынша сыныптар қамту үлесі

 

    Зерттеу әдістері:

  • Зерттеу тобы жұмыстарының жоспарының жүзеге асырылуының талаптарын орындау;
  • Мұғалімдерді қажеттіліктеріне сәйкес іріктеп, зерттеу командаларын құру;
  • Оқыту, оқуды, бағалауды бірлесіп жоспарлау;
  • Мектептің даму жоспарына инновациялық өзгерістер енгізіп, мектеп миссиясын орындауды табыстылыққа бағыттау;
  • Мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын қызметтерін қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру;
  • Зерттеуді, өткізуін, нәтижесін бағамдау, нәтижелер фиксациясына жасау.

 

Практиканы іске асыру:

Мектеп әкімшілігі бірлестік жетекшілерімен бірлесіп, мектептің даму бағытындағы жұмыстарды талқылау арқылы жаңа бағытта жұмыс жүргізуді көздеді. Мектеп басшысының ұйымдастыруымен ортақ мәселелері бір мұғалімдер топтасты. Жоба «Ыстық шәй» тақырыбында жүзеге асты. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер арасындағы «кедергілерді» жойылды. Ашықтықты, шынайылықты орнату мақсатында ұйымдастырылған шара өз нәтижесін берді. Көшбасшы мұғалімдер анықталып, ортақ мәселелері жинақталып, командалар жасақталды.

 

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • «Ыстық шәй» жобасы арқылы мектепте мұғалімдер қажеттілігін анықтап сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру;
  • Мектептің дамуына үлес қосатын өзекті мәселелермен нақты жұмыс жүргізу жүзеге асуда;
  • Мұғалімдердің зерттеу дағдысы, зерттеушілік қызметі оңтайлы орындалуда;
  • Мұғалімдердің қарым-қатынас, көшбасшылық дағдылары қалыптастыру;
  • Мұғалімдердің бастамашылдық, дербестік, табандылық, жауапкершілік, бейімделгіштік қасиеттері артып, зерттеу топ жұмыстарының сапа көрсеткіші 30% көтерілді.
  • Мектеп дамуында бақылау және білім беру процесінің мониторингі 18% көтерілді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1