АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
(заңды өкілдерінің)

Ата-аналар (заңды өкілдер) міндетті:

  • Өз балаларының тәрбиесіне, олардың жалпы біліміне жауап береді және олардың орта жалпы білім алуына жағдай жасап, оқушылардың сабаққа қатысуын үнемі бақылау;
  • Мектепке оқушы туралы қажетті ақпаратты, оның денсаулығы туралы анықтаманы, баланың сабаққа келмеу себептерін жазбаша түрде сол күні хабарлау;
  • Мектепке және үйге барар жолда баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Оқушының академиялық қарызын (дұрыс жұмыс істемеу), сондай-ақ жіберілген сабақтардың жоюын қамтамасыз ету;
  • Баланы сәтті оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті құралдармен, оның ішінде спорттық киіммен (АӘД үшін оқу формасы), ауыстыруға болатын аяқ киім және еңбекке арналған киімді қамтамасыз етуге жауапты;
  • Мектеп директорымен бекітілген кестеге сәйкес сыныптағы және мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу, мұғалімдердің, әкімшіліктің шақыруымен мектепке келу;
  • Қолданыстағы заңдарда қарастырылған тәртіппен оқушының мектеп мүлкіне келтірген зиянын өтеу;
  • Мектеп қызметкерлерінің жұмысы мен құқықтарын құрметтеу, олардың беделін сақтау, мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің және мектеп әкімшілігінің ар-ожданына нұсқан келтірмеу, дөрекі сөйлемеу, дауыс көтермеу,балағат сөз сөйлемеу, тәртіп сақтау;
  • Бүлінген немесе жоғалған оқулықтар үшін оқушының ата-анасы жауапты, жоғалған мүлікті өтеу немесе оны ауыстыруды қамтамасыз ету;
  • Баланы мекемеден жеке қабылдауға және алуға, осы міндетті 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге жүктеуге рұқсат етілмейді . Жағдайларға байланысты баланы басқа адамдарға беруге ата-анасының (заңды өкілінің) қолы (өтініші) негізінде жол беріледі.
  • Баланы мектепке ұқыпты, таза киіммен жіберу, оған қоса ауыстырылатын аяқ киім, спорттық киім, тарақ, қолорамал және т.б. заттары болу керек.
  • Егер ата-аналар өз міндеттерін орындамаған жағдайда мектеп әкімшілігі балалар құқығын қорғау үшін шаралар қолданады.

Ата-аналар (заңды өкілдер) құқылы:

  • Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен мектеп Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;
  • Мектеп Жарғысымен және оқу процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да нормативтікқұқықтық құжаттармен, осы Ережемен қоса танысуға;
  • Оқу процесінің барысымен, мазмұнымен және оқушының бағасымен танысуға;
  • Мектеп ұсынатын қосымша білім беру қызмет түрлерін таңдауға;
  • Мектеп директорының атына жазылған өтінішке сәйкес (мұғалімдердің келісімімен) сабақтарға және басқа да оқу және сыныптан тыс жұмыстарға қатысуға;
  • Мектеп жарғысының және осы Ереженің шарттарының орындалуын талап етуге толықтай құқығы бар.

 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1