Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. 

2023-2024 оқу жылында мектебімізде 1-4 кластар бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны – 1134, арнайы санаттағы 5-11 кластар бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны – 198. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 603 теңгені құрайды.

 

Тегін тамақпен қамтамасыз етілетін арнайы санаттағы оқушылар:

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
  • Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
  • Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
  • Өзге де санаттарына жататын отбасылардан шыққан балалар (Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар).

Оқушылар ыстық тамаққа 6 ауысыммен барады:

  • 1 ауысым – 09:25-09:40
  • 2 ауысым – 11:00-11:15
  • 3 ауысым – 13:25-13:40
  • 4 ауысым – 14:15-14:30
  • 5 ауысым – 15:25-15:40
  • 6 ауысым – 17:25-17:40

Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілері мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады.

Оқу жылының басында ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі қатарынан бракераждық комиссия құрылды. Мониторинг комиссиясы, бракераж комиссиясы айға 2 рет рейд жүргізіп акттар жасақтайды. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізеді. Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексереді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1