Мектеп-гимназиямызда «Іскер – ана, икемді қыз!» жобасы жүргізіліп келеді.

 

Жобаның мақсаты: Іскер аналармен бірлесіп отырып, өскелең буынның іске шеберлігін, икемдігін дамыту. Жоба аясында іскер ана мен оқушы қыз арасындағы бірізділікті шыңдау, жан-жақты насихаттау.

 

Оқушыларымызды  бойына ұлттық сананы сіңіру мақсатында 2022-2023 оқу жылынан бастау алған «Іскер ана, икемді қыз!» жобасы  мектеп басшысы Жанар Есенғосқызының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Қазіргі таңда жоба өз жұмысын жалғастыруда.

 

Қазақ халқымыз қыз тәрбиесіне, немқұрайлы қарамаған халықпыз. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шақыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп, ұлттық қолөнерге баулыған.

 

Бұл жоба қазіргі таңда қыздарымыз түрлі өнерді  дамытуда. Оның ішінде:

  • «Көрпе тігу»
  • «Құрақ құрау»
  • «Тағам пісіру»
  • «Бет әрлеу»
  • «Безендіру»
  • «Текемет»
  • «Сәнді бұйымдар жасау»
  • «Шаш бұрымдарын жасау» жұмыстарымен айналысады.





























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1