Атауы

Сағат жүктемесі

Оқыту тілі

Жұмыс түрі

Жалақысы

1

Математика пәні мұғалімі

32 сағат

Қазақ тілінде оқытатын кластар үшін

 

Декреттік орын

140000-170000 тг.

2

Физика пәні мұғалімі

16 сағат

Декреттік орын

140000-170000 тг.

3

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

16 сағат

Декреттік орын

140000-170000 тг.

4

Бастауыш сынып мұғалімі

32 сағат

Декреттік орын

140000-170000 тг.

5

Көркем еңбек пәні мұғалімі (ер балаларға)

16 сағат

Тұрақты орын

140000-170000 тг.

6

Дефектолог

1 бірлік

Тұрақты орын

120000-140000 тг.

7

Әлеуметтік педагог

1 бірлік

Тұрақты орын

120000-140000 тг.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат төменде көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (15-қосымшаға сәйкес);

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл болу керек;

11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қосымша: Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар 2024 жылдың 14-22 тамызы аралығында https://hr-nobd.edu.kz/ модулі арқылы қабылданады.

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Есет батыр шағын ауданы, Бопай ханым көшесі ғимарат 11, электрондық почта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., анықтама телефоны 8 (7132) 44-22-67.

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1