Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың Қожасы туралы бірер сөз

Қазбек Раяна Бағланқызы
№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының
6 «А» сынып оқушысы

     Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтің есімін, оның әйгілі шығармасы «Менің атым Қожаны» білмейтін адам жоқ шығар. Біреулер оны кітаптан оқыса, ал біреулер режиссер Абдолла Қарсақбаевтың киносынан көрді. «Қожаны» менің әкем де, анам да кітаптан оқып өскен. Енді, міне, менің де сүйікті кітабыма айналып отыр. Сондықтан қазақ балалар әдебиетінің ең танымал жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бүгінгі уақытта да балалардың қызыға, сүйсіне оқитын шығармалар көшінің ең басында тұр десем, артық айтқандық емес.

         Талантты жазушы Б.Соқпақбаевтың ерекшелігі бала жанын терең түсініп бала ойымен, балалардың сөзімен жазуында деп ойлаймын. Мен оқыған повестің басты кейіпкері Қожа – (толық есімі - Қожабарген) біздің арамызда жүрген кейбір оқушылардың айқын көрінісі. Бойындағы барлық жетістігі мен кемшілігі қатар көрініс беретін Қожаны оқырман бірден жылы қабылдап, соңында тіпті жақсы көріп кетеді. Оның Жантасқа көрсететін қыры да, Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып  қорқытуы да, анасының алдында егіліп кешірім сұрауы да,  өз-өзіне қатаң жиналыс ашуы да  – бәрі бізге сондай таныс сәттер. Себебі Қожаның басынан кешкен оқиғалары шынайы өмірден, оқушылар өмірінен алынған, сондықтан шығарманы оқи отырып, Қожамен бірге ұялып, кей сәтте Қожамен берге мақтанып отырасың. Мысалы лагерьге жолдама алу оқиғасын еске түсірсек, «Түстен кейін төсегімде демалып жатып, ойға қалдым: Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау деймін. Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған бермеген оныкі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. Дегенмен, Майқанова мұғалім, класс жетекшісі...». Бұл үзіндіден біз Қожаның ашумен ұстазына дөрекілік көрсетіп, кейін оған өкінгенін байқаймыз. Дөрекі, тәртіпсіз қылық көрсеткен Қожа үшін менде қатты ұялдым. Шығарманы бойында Сұлтанға еріп өтірікші, мақтаншақ Қожаға айналғанына сенгім келмеді.

Қожа бейнесі бүгінгі менің құрдастарыма үлгі бола алады ма? Неліктен? Міне, осы сұрақ Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың «Қожасын» оқыған әрбір оқырманның кеудесінде тұратыны сөзсіз. Менің ойымша, Қожа – өз-өзінді  қайта тәрбиелеудің, кемшіліктеріңді мойындап, шынайы,  адал болудың үлгісі. Тіпті нағыз батылдықтың үлгісі дегім келеді. Оған дәлел ретінде мына бір үзіндіні келтірсем, «Түзелуім керек. Бұл менің түзелемін деп өзіме өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс!». Қожа өз-өзіне өзгеруге уәде берді, ол сөзінде тұрды. Демек, өмірде қателік жасаудан қорықпай, керісінше,  оны Қожа секілді  мойындап, жақсы жаққа өзгеруге тырысуымыз керек.

Сонымен ойымды қорытындылай келе, қаламгер Бердібек Соқпақбаев- нағыз шебер балалар жазушысы, ал «Менің атым Қожа» - оқушылардың ең сүйікті шығармасы деп ойлаймын. Биыл жазушының туғанына 100 жыл толуына орай, елімізде  көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай шараның бірі – «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы. Міне, осы акция аясында біз сыныбымызбен Қалалық модельді кітапханада өткен «Балалықты әдебиетке әкелген» атты іс-шарасына қатыстық. Жазушының талантына тәнті болған мен өзімнің қаламгер туралы ойымды ортаға салған едім. Талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары әрқашан өз оқырманын баурап, жақсылыққа үйретіп, шынайы болуға тәрбиелейтіні сөзсіз.

Мақаланы облыстық «Ақтөбе» газетіне жариялау ұсынылды.

 

2022-2023 оқу жылы бойынша байқау жетістіктер

Облыстық кезең бойынша жетістіктер:

  • «Тұлпардың тұяғы» атты зерттеу-мақала байқауынан I дәрежелі диплом – Медғатқызы Аяулым (10 сынып). Жетекші мұғалімі Қайдасова Гүлназ Серікбайқызы.
  • «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде «Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен үшін III дәрежелі диплом – Жұмабай Шұғыла (11 сынып). Жетекші мұғалімі Бекниязова Эльмира Мусаевна.
  • Қашықтықтан өткізілген республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңінен II дәрежелі диплом – Миржанова Мөлдір (11 сынып). Жетекші мұғалімі Сугурбаева Акмарал Сагинбаевна.
  • «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумның облыстық кезеңінде «Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломОхас Алуа.
  • «Тұлпардың тұяғы» атты зерттеу-мақала байқауынан II дәрежелі диплом – Медғатқызы Аяулым (10 сынып). Жетекші мұғалімі Қайдасова Гүлназ Серікбайқызы.

Қалалық кезең бойынша жетістіктер:

  • 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық «Ел құтқарар ер едім» эссе байқауының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен үшін II  дәрежелі диплом – Жанділда Гүлсезім (10 сынып). Жетекші мұғалімі Сатова Гульнар Кулдыковна.
  • 10-13 жас аралығында интеллектуалды роботтар шайқасы «Робо –Сумо» қалалық байқауынан I дәрежелі диплом – Төлеген Абдуннасыр (5 сынып). Жетекші пән мұғалімі Кулмурзин Габит Дмитриевич.
  • 9-11 класс оқушылар арасында Республикалық «АБАЙТАНУ» олимпиадасының қалалық кезеңінен I дәрежелі диплом – Серікққызы Дильназ (11 сынып). Жетекші мұғалімі Қайдасова Гүлназ Серікбайқызы.
  • «Менің кіші Отаным» шығармашылық жоба байқауында 9-11 сыныптар арасында «Табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар мәселелері» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін II дәрежелі диплом – Жұмабай Шұғыла (11 сынып). Жетекші мұғалімі Бекниязова Эльмира Мусаевна.
  • Республикалық «Қадір оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» бағыты бойынша II дәрежелі диплом – Серікқалиев Расул (11 сынып). Жетекші мұғалімі Қайдасова Гүлназ Серікбайқызы.
  • 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық III «Абай әлемі» шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде III дәрежелі диплом – Талгатова Анель. Жетекші мұғалімі Рзагазиева Арайлым Шынбергенқызы.
  • Республикалық «Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңінен III дәрежелі диплом – Шалқаржанова Нұрдана (10 сынып). Жетекші мұғалімі Наурызова Гулзира Избаскановна.
  • 7-11 сынып оқушылары арасында «Шежірелі өлкемнің тарландары» зерттеу-мақала байқауының қалалық кезеңінен III дәрежелі диплом – Маратова Камила (11 сынып). Жетекші мұғалімі Наурызова Гулзира Избаскановна.
  • «Шежірелі өлкемнің тарландары» облыстық зерттеу шығармалары мен мақала байқауының қалалық кезеңінен III дәрежелі диплом – Жарылқасынова Жаннұр (11 сынып). Жетекші мұғалімі Кәлменова Мерейгүл Жолшорақызы.
  • Республикалық «Менің шағын Отаным» байқауының қалалық кезеңінен III дәрежелі диплом – Жанділда Гүлсезім (10 сынып). Жетекші мұғалімі Сатова Гульнар Кульдыковна.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ

client 1 client 1 client 1 client 1 client 1 client 1